Следите за новостями

Цифра дня

85% — доля безналичных платежей в РК

    Қазақстан ТМҰ-ның цифрлық серіктестік туралы келісімін ратификациялады

    Біртұтас түркі цифрлық кеңістігіне қадам.

    27 мая 2025 15:08, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 916 қаулысы негізінде Бішкек қаласында 2024 жылғы 6 қарашада өткен ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесінің 11-саммиті шеңберінде қол қойылғанын хабарлайды.

    Келісім Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Стамбұл (2021 ж.) және Самарқанд (2022 ж.) саммиттерінде айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген және мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарда цифрлық құралдарды дамытуға бағытталған.

    Келісімнің негізгі мақсаттары:

    — цифрлық экономиканың орнықты, инклюзивті және тұрақты дамуына жәрдемдесу;
    — цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту және цифрлық ортаны реттеудің бірыңғай тәсілдерін белгілеу;
    — шағын және орта бизнес субъектілерінің трансшекаралық цифрлық саудаға қатысуын кеңейту;
    — тұтынушылардың сенімін нығайту;
    — электрондық сауда арқылы сауда қатынастарын нығайту.

    Жобаны қабылдау экономикалық белсенділіктің өсуіне, іскерлік байланыстардың кеңеюіне және цифрлық экономиканы реттеудің жаңа ашық стандарттарын әзірлеуге ықпал ететін болады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.