Следите за новостями

Цифра дня

Данные о 700 тыс. студентов загружены в единую платформу высшего образования

    Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте көрсеткіштерін жоғарылатты

    Ookla аналитикалық компаниясы 2025 жылдың қаңтарына арналған елдер арасындағы жаңа интернет жылдамдығы рейтингін жариялады.

    19 февраля 2025 18:08, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Аталмыш рейтингте Қазақстан өз көрсеткіштерін айтарлықтай жоғарылатқан. Еліміз мобильді интернет бойынша 8 позицияға көтеріліп, 49-шы орынға тұрақтаған. Мобильді интернеттің жүктеу жылдамдығы 81,58 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 18,42 Мбит/с, ал кідіріс 18 мс деңгейінде тіркелді. Фиксирленген кеңжолақты интернет санатында Қазақстан +5 позицияға жоғарылап, 83-орынға шыққан, мұнда жүктеу жылдамдығы 77,93 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 80,83 Мбит/с, ал кідіріс 5 мс болды.

    Бұл жетістік мемлекеттік бағдарламалар мен байланыс операторларының телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының нәтижесі. Атап айтсақ, 2024 жылы фиксирленген байланыс желілері жаңғыртылып, 4G желісінің қамту аймағы кеңейтілді, сондай-ақ ірі қалаларда 5G технологиясын енгізу басталды. Осы шаралардың арқасында интернет жылдамдығы едәуір артты, бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етті.

    «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2025-2027 жылдары келесі бастамалар жүзеге асырылады:

    — 3010 ауылда кеңжолақты интернет желісін дамыту мақсатында оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту;
    — 1120 ауылда интернетті әр үйге дейін жеткізу үшін «соңғы миля» жобасын субсидиялау;
    — 5G технологиясын республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) және облыс орталықтарында кеңейту;
    — 250-ден астам шалғай және сирек қоныстанған елді мекендерге спутник арқылы интернет қолжетімділігін қамтамасыз ету.

    Интернет жылдамдығының артуы еліміздің цифрлық дамуына, IT-индустрияның өсуіне, онлайн білім беру мен электрондық коммерцияны ілгерілетуге және экономиканың басқа да маңызды салаларына оң әсер етеді. Телекоммуникация саласын дамыту — Министрліктің басты басымдықтарының бірі. Ведомство бүкіл ел бойынша байланыс пен интернет сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастырады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.