Следите за новостями

Цифра дня

До 20% от всего глобального венчурного капитала в ЦА приходится на долю РК

    «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы» жобасын іске асыру туралы

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы» (ҰКДИ) жобасын іске асыруды аяқтады.

    4 февраля 2025 15:02, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    ҰКДИ — цифрлық экономиканы, геокеңістіктік қызметтерді және ГАЖ, BIM, Smart City, пилотсыз көлік, VR/AR, дәл егіншілік сияқты инновациялық технологияларды дамытудағы маңызды қадам. Жоба аясында геодезия, картография және кеңістіктік деректердің цифрлық трансформациясы саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.

    Жобаның негізгі жетістіктері:

    — Мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілер жаңғыртылды.
    — Қазіргі заманғы мемлекеттік координаттар жүйесі — QazTRF-23 (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, 2023 жылғы Қазақстандық жер координаттық есептеу негізі) енгізілді. Бұл жүйе CORS тұрақты жұмыс істейтін референцтік станциялар желісімен бекітілді (1942 жылғы координаттар жүйесінің орнына).
    — Координаттар жүйелері арасындағы трансформация параметрлері (қайта есептеу кілттері, деформация матрицасы) әзірленді.
    — QazTRF-23 негізінде Бірыңғай цифрлық картографиялық негіз (БЦКН) құрылды, оған келесі кіреді: Республика аумағының 1:25 000, 1:100 000 масштабтағы карталары, Қалалар мен аудан орталықтарының 1:2 000 масштабтағы жоспарлары.
    — QazTRF-23 негізінде Бірыңғай ортофотомозаика жасалды, оған келесі кіреді: Республика аумағының 1:25 000 масштабтағы аэроғарыштық түсірілім материалдары, Қалалар мен аудан орталықтарының 1:2000 масштабтағы аэрофототүсірілім материалдары.
    — «Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету» (ggo.gov.kz) ақпараттық жүйесі құрылды, ол CORS желісін басқаруды, QazTRF-23 тарату мен қызметтерді автоматтандыруды, тұрақты референциялы станцияларды мемлекеттік геодезиялық желіге қосу процестерін, геодезиялық пункттердің жағдайы туралы кері байланысты қамтамасыз етеді. ҒНСЖ-қабылдағыштарға нақты уақыт режимінде (RTK) координаттарды түзету үшін қажетті ақпаратты ұсынады. Сондай-ақ, жүйеде QazTRF-23-тегі геоедезиялық пункттердің координаттар каталогы жарияланған.
    — «ҰКДИ мемлекеттік геопорталы» ақпараттық жүйесі (map.gov.kz) құрылып, өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Бұл бірегей цифрлық картографиялық платформа, онда БЦКН, республиканың барлық аумағының, қалалар мен аудан орталықтарының бірыңғай ортофотомозаикасы жарияланған, сондай-ақ платформа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың (әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары, СҚАЖ, көліктік инфрақұрылым және т. б.) кеңістіктік деректерге, ақпараттық жүйелерге, геопорталдарға, геосервистерге және олардың мета деректеріне сілтемені қамтиды. «ҰКДИ мемлекеттік геопорталы» АЖ-де «Өз картаңды жасау» құралы арқылы пайдаланушылар әртүрлі деректерді жинақтап, кешенді талдау жүргізе алады.

    Барлық картографиялық материалдар мен кеңістіктік деректер ҰКДИ мемлекеттік геопорталында жарияланған және цифрлық форматта қолжетімді.

    Онлайн картографиялық сервис ҰКДИ картографиялық материалдарды жүктеуге мүмкіндік береді, осылайша қазақстандық стартаптар, картографиялық және IT-компаниялар үшін Google Maps, Yandex такси, 2ГАЖ анықтамалығы сияқты сервистерді әзірлеп, бизнес пен азаматтарға ұсынуға жағдай жасайды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.