Следите за новостями

Цифра дня

39 млн безналичных операций на 509 млрд тг совершают казахстанцы ежедневно

    RFID-белгі: Ақылы жолда кезек күтпей төлеудің жаңа тәсілі

    Бұл технология төлем алу пункттерінен өту уақытын қысқартып, көлік кезегін азайтуға мүмкіндік береді.

    31 августа 2026 15:12, Profit.kz
    Рубрики:

    «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол ақысын автоматты түрде төлеуге мүмкіндік беретін RFID-белгілерді пайдалануды ұсынады. RFID-белгі автокөлікке орнатылып, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен пайдаланушының жеке шотына байланыстырылады. Көлік төлем алу пунктінен өткен кезде жүйе оны автоматты түрде сәйкестендіріп, жол жүру ақысын шоттағы қаражаттан есептен шығарады. Яғни жүргізушіге төлем жасау үшін арнайы тоқтаудың қажеті жоқ.

    RFID-белгілер тегін беріледі. Оларды республикалық маңызы бар ақылы жолдардағы төлем алу пункттерінен алып, сол жерде орнатуға болады. Мамандар құрылғыны автокөлікке байланыстыруға көмектеседі.

    RFID-белгілерді пайдалану төлем алу пункттерінің өткізу қабілетін арттырып, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды кезеңдерде жүргізушілердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. RFID-белгіні алу және пайдалану бойынша толық ақпаратты 1403 нөмірі арқылы «ҚазАвтоЖол» бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.

    Компания жүргізушілерге тегін RFID-белгіні алдын ала алып, жеке шоттағы оң теңгерімді сақтауды ұсынады. Бұл ақылы жолдардан өткен кезде төлемді автоматты түрде әрі тоқтаусыз жүргізуге мүмкіндік береді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.