Биыл интернет-алаяқтықтың тіркелуі 2,5%-ға азайды
Сонымен қатар ағымдағы жылы ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруға кірісті.
Қазіргі таңда азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, кеңістіктегі құқық бұзушыларды алдын алу және заманауи цифрлық қауіп-қатерлерге тиімді тосқауыл қою мақсатында Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бірінші кезекте бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері ақпараттық кеңістікте 38 мыңға жуық ақпарат жарияланды. Мемлекеттік органдар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, банктер мен жеке секторда 34 мыңға жуық профилактикалық іс-шаралар өткізілді. 10 мыңнан аса халықпен кездесулер ұйымдастырылып, 1 млн астам нұсқаулықтар мен брошюралар таратылды. Бұл туралы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында хабарлады.
Оның айтуынша, ІІМ-нің mvd.gov.kz сайтында киберқылмысқа қарсы күрес бойынша арнайы айдар бар, сондай-ақ cybercrime.kz ресми сайты және әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Департаменттің парақшалары жұмыс істейді. Онда интернет-алаяқтық жасау тәсілдерін сипаттайтын маңызды мәліметтер мен оларды алдын алу бойынша қабылданатын шаралар жарияланған.
«Ұйымдастыру-практикалық және алдын алу шараларының нәтижесінде ағымдағы жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша оң динамика қамтамасыз етілді. Мәселен, интернет-алаяқтықтың тіркелуі 2,5%-ға азайды. Ал оны ашу деңгейі 32,2%-дан 40%-ға өсті, яғни өсуі 7,8%-ды құрайды. Ашылмаған қылмыстық істер саны 16,6%-ға кеміді. Бұл ретте келтірілген залалдың жалпы сомасы 20 млрд құрады, ал қайтарылған қаражаттар 4 млрд-қа жуық болды. Телекоммуникациялық инфрақұрылымды қылмыстық мақсатта пайдалануға тосқауыл қою жұмыстары жалғасуда. Барлығы 147 млн алаяқтық қоңыраулар бұғатталды», — деді спикер.
Интернет-алаяқтыққа қарсы әрекет етудің басты элементі — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Антифрод-орталығымен» өзара іс-қимыл жасасу. Есептік кезеңде 111 мың инцидент қалыптасты, оның ішінде 44 мыңға жуық инцидент ішкі істер органдары тарапынан жасалды. Нәтижесінде ақша жіберушілердің есеп-шоттарындағы 2 млрд-тан астам теңге мен «дроптардың» есеп-шоттарындағы 700 млн теңгеден астам ақшалай қаражат бұғатталды. Өз еркімен жәбірленушілерге 528 млн теңге қайтарылды.
Сонымен қатар ағымдағы жылы ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруға кірісті. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кездесетін осы саладағы өзекті проблемаларға жан-жақты талдау жүргізіліп, олардың тиімді шешімін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылдануда. Мәселен, интернет-алаяқтыққа қарсы күрестегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізудің жаңа форматы енгізілді. Яғни, бұрынғы 3 күнде өтетін іс-шара, енді 3 ай көлемінде жүргізіледі.
Оның негізі себебі киберқылмыстың трансұлттық сипатта болуы, шекара талғамайтыны және халықаралық ынтымақтастықты күшейтумен байланысты.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.