ІІМ: Алаяқтарға тап болмау үшін кибергигиенаны сақтау қажет
ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті халықаралық ынтымақтастық орнатуға ерекше назар аударып отыр.
Мамандар алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасап, тікелей байланыстар мен ақпарат алмасу арналары қалыптастырды. Мәселен, ағымдағы жылғы 31 наурызда ІІМ Украинаның полициясымен бірлесіп, кең көлемді арнайы операция жүргізілді. Бұл операция барысында қазақстандықтарды алдап келген Днепр қаласында орналасқан 3 алаяқтық Колл-орталықтың қызметі тоқтатылды. Бұл жайлы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Арнайы операция нәтижесінде 53 Украина азаматы ұсталды, оның ішінде 8-і қамауға алынды. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 160-тан аса қазақстандық жәбірленуші анықталды, оларға келтірілген шығын Украина сот шешімімен қайтарылады. Алдағы уақытта бірқатар шет мемлекетте осындай бірлескен арнайы операцияларды өткізу жоспарланып отыр.
Халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенцияларын ратификациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Дегенмен, интернет-алаяқтықты алдын-алудың негізгі құралы — азаматтардың өз әрекеттері. Яғни, әр-бір азамат күнделікті өмірде қарапайым кибергигиенаны сақтап, қауіпсіздік шараларын қолдануы тиіс. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым ережелерді сақтау маңызды: банктік карталарыңыздың деректерін, парольдер мен СМС-кодтарды ешкімге айтпау керек, бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпай, күдікті сілтемелерге өтпеу керек, жақсы қолайлы болып көрінетін кез келген ұсыныстарды сыни тұрғыдан бағалап, сайт, биржа немесе инвестициялық компания „өте тиімді“ ұсыныс жасаса, бұл жалған болуы мүмкін», — деді спикер.
Сондай-ақ ол құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операцияларды жүргізбейтінін ескертті.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.