Астанада «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындылары шығарылды: кибералаяқтыққа қатысты 200-ге жуық іс ашылды

200-ге жуық қылмыстық іс ашылды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Елордада интернет-алаяқтықты қоса алғанда, ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері кибералаяқтыққа қатысы бар 48 адамды ұстап, жауаптылыққа тартты, олардың ішінде 4 шетел азаматы бар. Жәбірленушілерге 26 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

SIM-карталарды заңсыз тіркегені үшін 4 адам ұсталды. Олардың қолынан қылмыстық схемаларда қолданылуы жоспарланған 400-ден астам SIM-карта тәркіленді.

Сонымен қатар, 4 мыңнан астам алаяқтық интернет-ресурс бұғатталды. «Дропперлерге» қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Антифрод-орталықпен бірлескен жұмыс нәтижесінде заңсыз әрекеттерде пайдаланылған 3 мыңнан астам банк шоты бұғатталды.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлері оқу орындарында профилактикалық дәрістер өткізіп, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Профилактикалық іс-шаралар барысында алаяқтардың азаматтардың атына 12 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеу әрекеттерінің жолы кесілді.

Елорда полициясы растау кодтарын айту, ақша аудару, несие рәсімдеу немесе шұғыл қаржылық операцияларды орындау туралы кез келген қоңыраулар мен хабарламалар — алаяқтықтың негізгі белгілері екенін еске салады. Азаматтарды қырағы болуға және қаржылық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.