Google Азаматтық авиация академиясында ЖИ бойынша практикалық сессия өткізді

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Азаматтық авиация академиясында Google компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Іс-шара толыққанды практикалық workshop ретінде ұйымдастырылып, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге жасанды интеллектінің нақты қолдану дағдылары көрсетілді.

Кездесу барысында Google Gemini платформасының мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, қатысушыларға AI құралдарын күнделікті оқу, зерттеу және шығармашылық процестерге енгізудің нақты жолдары көрсетілді. Сарапшылар жасанды интеллект тек мәтін генерациялау құралы ғана емес, сонымен қатар жан-жақты шешімдер жасау үшін толыққанды цифрлық экожүйе екенін атап өтті.

Ең қызықты бөлігі — практикалық сессиялар болды, онда қатысушылар Gemini негізінде жеке AI-ассистенттер (Gem bot) құруды, қарапайым әрі функционалды веб-сайттар әзірлеуді, білім беру және ойын-сауыққа арналған шағын интерактивті ойындар жасауды, аудио контент, подкаст және дыбыстық материалдар генерациялауды, сондай-ақ қысқа форматтағы бейнемазмұн мен визуалды сторителлинг құралдарын құрастыруды үйренді.

Сессия барысында ерекше назар AI арқылы шығармашылық жобаларды іске асыруға аударылды. Студенттер жасанды интеллект көмегімен идеяны прототипке айналдыру, ал оқытушылар оқу материалдарын интерактивті форматқа көшіру тәсілдерін тәжірибе жүзінде сынап көрді.

Google мамандары сондай-ақ AI-ды білім беру саласында қолданудың жаһандық трендтерін бөлісіп, деректермен жұмыс істеу, AI көмекшілерін құру, мультимедиялық мазмұнды құру және автоматтандырылған шешімдерді әзірлеу сияқты болашақта сұранысқа ие болатын цифрлық дағдыларды атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар практикалық оқытулардың білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Security Day 2026

    Profit Security Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.