Следите за новостями

Цифра дня

8 из 10 транзакций в 2025 г. совершено с использованием QR-кода, интернет и мобильного банкинга

    Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

    Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионаты өтті.

    28 апреля 2026 09:14, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қазақстан құрама командасындағы Астана қаласының оқушылары жарыста үздік нәтиже көрсетіп, бірден екі басты марапатты жеңіп алды. Оқушылар робот-ойын бойынша 1 орын және жарыстың үздік командасы атанды.

    Чемпионатқа Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Германия және Словакия сынды елдерден 68 команда қатысты. Команда бұл чемпионатқа Астанада өткен Central Asia First Championship турниріндегі сәтті өнер көрсетудің нәтижесінде жолдама алған.

    Робот-ойыннан бөлек, қатысушылар «artifacts.kz» атты Қазақстандағы археологиялық артефактілердің онлайн-базасын ұсынды. Жоба аясында оқушылар идеядан бастап зерттеу, техникалық әзірлеу және профильді институттармен байланысқа дейінгі толық процесті көрсетті. Жоба технологиялық деңгейімен ғана емес, ұлттық мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесімен де жоғары бағаланды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.