Следите за новостями

Цифра дня

1,2 тыс. человек получили госуслуги через Цифровую карту семьи с начала года

    Қазақстанда инновацияларды дамытуда ғылым мен ЖОО-лардың рөлі артуда

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында өзі басшылық ететін салаға инновацияларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арансы.

    1 апреля 2026 17:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инновациялық қызмет Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына берілгенін атап өтті. Осы тапсырманы орындау аясында ҒЖБМ-ға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жекелеген міндеттері мен функциялары жүктелді.

    «Бұл шешім инновациялар ғылым, университеттер және зерттеу орталықтары базасында қалыптасатын халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Алайда, инновациялар тек бір ведомство шеңберінде ғана емес, бүкіл мемлекеттік жүйе деңгейінде үйлестіруді талап ететін күрделі салааралық міндет екенін түсіну маңызды», — деді Саясат Нұрбек.

    Министр Қазақстан Global Innovation Index рейтингінде 81-орында, ал Гарвард университетінің Экономикалық күрделілік индексінде 55-орында тұрғанын хабарлады. Бұл ретте GII — 78 индикаторды қамтитын кешенді халықаралық индекс екенін айта кету қажет.

    «Аталған рейтингтегі еліміздің орны — бір ғана ведомствоның қызметінің нәтижесі емес, инновациялық дамудың негізгі бағыттары бойынша 10-нан астам мемлекеттік органның үйлесімді жұмысының нәтижесі», — деді Саясат Нұрбек.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.