Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

Ел бюджетіндегі қаражатқа қазынашылық қадағалауды күшейту алдын алу бақылауы арқылы жүзеге асырады, оның барысында қаржылық тәуекелдер анықталады.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Осындай бақылаудың нәтижесінде 2025 жылы 20,6 трлн теңгеден астам сомаға қаржылық құжаттар орындаусыз қайтарылып, қаржылық бұзушылықтарға жол берілмеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап Мемлекеттік қазынашылық комитеті орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы функциясын атқарады.

«2025 жылы 1 трлн 160 млрд теңгеге 1532 мемлекеттік сатып алулар өткізілді. Үнемдеу 15,4 млрд теңгені құрады», — деді ведомство өкілі.

Айта кетерлігі, Қазынашылық цифрландыру жұмыстарды жалғастыруда. Мәселен, 2025 жылы ISO стандартына бір мезгілде көшу жүзеге асырылды. Нәтижесінде қаржылық қатынастардың халықаралық стандарттарына сәйкестігі, төлемдерді өңдеуді жеделдету және автоматтандыру қамтамасыз етілді. Сондай-ақ жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу туралы төлем шоттарын жасау кезінде ақша алушылардың аты-жөні және ЖСН сәйкестігін салыстырып тексеру үшін жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялық өзара іс-қимыл жасалды.

Былтыр қабылданған Бюджет кодексі шеңберінде «арнайы түсімдер» деген төртінші санат пайда болып, бюджеттің жаңа құрылымын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы бюджетті қазынашылық атқару саласында цифрлық шешімдерді қолдану бойынша жаһандық міндет тұр.

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында 2026 жылы Қазынашылық жүйесін басқа жүйелермен байланыстыру, оның ішінде цифрлық теңгені пайдалану жоспарланып отыр. Келешекте заманауи және тиімді шешімдерді қамтитын, жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, мемлекеттік қаржыны жедел басқаруға бағытталған қазынашылық жүйесінің жаңа архитектурасын құру міндеті тұр.

Бұдан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік қазынашылық жүйесінде қызмет көрсетілетін квазимемлекеттік сектор ұйымдарының санын көбейту; бухгалтерлік есепті іске асыру мүмкіндігі; бюджеттік кредиттерді, субсидияларды және т. б. есепке алуды жүргізу. Осылайша, биыл барлық қажетті құжаттама әзірленіп, келер жылдан бастап арнайы жүйе әзірленеді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.