Шымкентте байланыс сапасы тексеріліп, инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды
Сапар аясында делегация Наурыз және Нұртас шағынаудандарындағы байланыс сапасы нашар учаскелерді аралап, онда байланыс үзілістері тіркелгені анықталды.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы мобильді байланыс сапасын, соның ішінде қамту деңгейі төмен аймақтарды («ақ дақтар») тексерді. Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бірқатар факторларға байланысты тежеліп отырғаны атап өтілді. Атап айтқанда, электр желілеріне қосылудағы қиындықтар және тұрғындардың базалық станциялар орнатуға деген сақтық көзқарасы әсер етуде.
![]()
Осы мәселелерді түсіндіру мақсатында қала тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Кездесулерге цифрландыру басқармасының, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің және байланыс операторларының өкілдері қатысты. Тұрғындарға базалық станциялардың жұмыс істеу қағидаттары түсіндіріліп, олардың санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетіні жеткізілді.
Сонымен қатар, сапар барысында байланыс нысандарын электр желілеріне қосу және инфрақұрылым құрылысының мерзімдерін қысқарту мәселелері талқыланды.
Кездесулер қорытындысы бойынша тұрғындармен диалогты жалғастыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және қаладағы байланыс сапасын жақсарту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.