Атқарушылық іс жүргізу тараптары қабылданған және жоспарланған мәжбүрлеп орындау шараларын уақыт кестесі форматында бақылай алады
Борышкерлердің жасырын кірістерін анықтау үшін Әділет министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Қаржы министрлігімен бірлесіп, борышкерлер туралы мәліметтерді ұсыну бойынша, ақпараттық жүйелерді біріктіру жұмысын жүргізуде.
Бұл олардың әлеуметтік жағдайын және өзге де кіріс көздерін одан әрі анықтауға мүмкіндік береді. Туризм және спорт министрлігінің Бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл жүргізілуде, бұл борышкерлердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуын шектеуге, сондай-ақ оларға салынатын төлемдерді өндіріп алу мақсатында ұтыстар туралы мәліметтерді анықтауға сеп болады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Сондай-ақ ведомство атқарушылық іс жүргізуді автоматтандыру бойынша бірқатар шараны қолға алып отыр.
«Атқарушылық іс жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында өткен жылдың 1 шілдесінде „AdiletGov“ мобильді қосымшасымен біріктірілген жаңа „Тараптар кабинеті“ модулін іске қосылды. Атқарушылық іс жүргізу тараптары енді қабылданған және жоспарланған мәжбүрлеп орындау шараларын уақыт кестесі форматында бақылай алады. Қабылданған шараларға немесе сот орындаушысының әрекетсіздігімен келіспеген жағдайда, тараптар дереу өтініш қалдыра алады, оны сот орындаушысы 5 күн ішінде қарауға тиіс. Іске қосылған сәттен бастап атқарушылық іс жүргізу тараптарынан 12 700 өтініші келіп түсті», — деді ведомство өкілі.
Арнайы қосымшаны пайдалану ыңғайлы, нәтижесінде мүдделі тұлғалар арасында оның танымалдылығы артып келеді. Бүгінде қосымшаны пайдаланушылар саны 86 мыңнан асып отыр.
Сондай-ақ сот орындаушыларының тәртібін арттыруға және оларға бақылауды күшейтуге бағытталған «Цифрлық көмекші» енгізілді. Өткен жылдың тамыз айында талап қою мерзімі өткен құжаттар бойынша Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен жазбаларды алып тастаудың автоматтандырылған тетіктері іске қосылды. Тізілім азаматтардың жеке сұрауларын болдырмай, автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар мәжбүрлеп орындау шараларын автоматты түрде жоюдың бірінші кезеңі жүзеге асырылды.
Айта кетерлігі, ақпараттық жүйені дамыту қаржылық операциялардың ашықтығына, бақылауды күшейтуге, интеграцияларды кеңейтуге бағытталған.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Security Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.