Следите за новостями

Цифра дня

1,2 тыс. человек получили госуслуги через Цифровую карту семьи с начала года

    Еңбек министрлігінде «DIGITAL NAURYZ 2026» IT-бағдарламасының қорытындылары шығарылды

    Бағдарлама әлеуметтік-еңбек саласы қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталды.

    26 марта 2026 14:06, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Еңбек ресурстарын дамыту орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың қатысуымен «DIGITAL NAURYZ 2026» IT-интенсивінің жабылу рәсімі өтті. Іс-шара аясында ведомствоның ақпараттық жүйелері таныстырылған LED-аймақ ұсынылды. Қатысушыларға заманауи цифрлық шешімдер және жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.

    Асқарбек Ертаев ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда және азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде цифрландырудың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

    «„DIGITAL NAURYZ“ форматы дәстүр мен заманауи шешімдерді ұштастырады. Бес күндік бағдарлама барысында практикалық кейстер қарастырылып, қызметкерлерді оқыту жүргізілді. Медициналық-әлеуметтік сараптамада, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда және Электрондық еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарын іріктеуде жасанды интеллектіні қолдану мысалдары ұсынылды», — деп атап өтті ол.

    Үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтіп, іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.