Следите за новостями

Цифра дня

1,2 тыс. человек получили госуслуги через Цифровую карту семьи с начала года

    Алматыдағы ХҚКО-ға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев келді

    Сапар аясында министр Медеу ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ Apple Store үлгісіндегі жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашу жоспарланып отырған нысанды аралады.

    26 марта 2026 09:03, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Министрге мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістері, цифрлық шешімдерді енгізу барысы және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Жаслан Мадиев мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру үшін цифрландыру бағытын күшейту қажеттігін атап өтті.

    «Мемлекеттік қызметтер азаматтарға қолайлы түрде ұйымдастырылуы тиіс: тез, қарапайым және артық қиындықтарсыз. Бұл үшін цифрландыруды белсенді түрде дамыту, қызметтердің кемінде 70 пайызын электронды форматқа көшіру және артық бюрократиялық рәсімдерді қысқарту маңызды», — деді Жаслан Мадиев.

    Жалпы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және оларды алуды ыңғайлы етуге бағытталған цифрлық шешімдерді жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінде бұл құралдар күнделікті тәжірибеге берік енiп, азаматтарға қызмет көрсетудің заманауи жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.

    «Біздің басты міндетіміз — мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және оларды проактивті форматқа көшіру. Цифрландыру арқылы біз қызмет алу үдерісін жеңілдетіп, азаматтардың уақытын үнемдеуге басымдық береміз», — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.

    Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Жаслан Мадиев мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі цифрландыру және тиісті инфрақұрылымды дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.