Следите за новостями

Цифра дня

1,2 тыс. человек получили госуслуги через Цифровую карту семьи с начала года

    Қазақстанда Digital Nauryz аясында жасанды интеллект бойынша ашық оқыту іс-шаралары өтеді

    Өңірлерде ашық оқыту іс-шараларын өткізу халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және Қазақстанда ЖИ пайдалану мәдениетін кеңінен дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

    18 марта 2026 11:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    2026 жылғы 17-18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне арналған ашық оқыту іс-шаралары өткізіледі. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

    Іс-шаралар халық көп жиналатын орындарда — қалалық алаңдарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, IT-хабтарда және креативті кеңістіктерде еліміздің әртүрлі өңірлерінде өткізіледі. Мұндай формат жасанды интеллект тақырыбын кең аудитория үшін түсінікті әрі қолжетімді етуге, сондай-ақ өңір тұрғындарын заманауи цифрлық құралдармен таныстыруға мүмкіндік береді.

    Кездесулер барысында қатысушыларға жасанды интеллектті бүгіннің өзінде күнделікті өмірде, жұмыста және оқуда, контент жасауда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуда қалай қолдануға болатыны түсіндіріледі. Бірқатар өңірлерде AlemGPT платформасының, яғни Жасанды интеллекттің ұлттық платформасының мүмкіндіктері де таныстырылады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.