Следите за новостями

Цифра дня

1,2 тыс. человек получили госуслуги через Цифровую карту семьи с начала года

    Еңбек ресурстарын дамыту орталығының базасында «Digital Nauryz» IT-бағдарламасы басталды

    Іс-шара ҚР ЕХӘҚМ тарапынан «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ алаңында ұйымдастырылды.

    17 марта 2026 12:06, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    2026 жылғы 16-20 наурыз аралығындағы «Наурызнама» онкүндігі аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бейінді «Digital Nauryz» IT-бағдарламасын өткізеді. Іс-шара ведомство қызметкерлерінің цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға және әлеуметтік-еңбек саласын одан әрі цифрландыру бойынша практикалық бастамаларды әзірлеуге бағытталған.

    Оның негізгі мақсаты — мемлекеттік органның жұмысына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жүйелі түрде енгізу. Бес күн ішінде әлеуметтік-еңбек саласының қызметкерлері үшін бейінді IT-сарапшылардың қатысуымен бірқатар мамандандырылған білім беру және практикалық сессиялар өткізіледі.

    IT-бағдарлама ведомствоның міндеттерін шешуде жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін зерделеуді, заманауи аналитикалық құралдар мен жүйелермен жұмыс істеуді меңгеруді, сондай-ақ ішкі жұмыс процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша бастамаларды әзірлеуді қамтиды. Сонымен қатар, іс-шара аясында қатысушыларды әлеуметтік саладағы озық цифрлық шешімдермен таныстыру мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

    Бағдарлама 20 наурызда сессиялар жұмысының қорытындысын шығарумен аяқталады. «Digital Nauryz» IT-бағдарламасы барысында жинақталған тәжірибе мен қатысушылар айтқан идеялар қызметкерлердің цифрлық құзыреттерін одан әрі арттыруға және ведомствоның жұмыс процестерін жалпы жетілдіруге ықпал етеді деп күтілуде.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.