Следите за новостями

Цифра дня

На 13% снизилось количество посещений ЦОНов в 2025 году

    2027 жылдан бастап аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйе енгізіледі

    Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы саласын кезең-кезеңімен цифрландыруды жалғастыруда.

    27 февраля 2026 09:08, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Өткен жылы балық және балық өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін «E-Fish» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе балық пен балық өнімдерінің заңды шығу тегін растайтын құжаттарды беруге қатысатын мемлекеттік органдардың ақпараттық қорларын өзара байланыстырады. Негізгі мақсаты — заңсыз өнім айналымының алдын алу.

    Бүгінгі күні «E-Fish» жүйесінде балық шаруашылығы және аквамәдениет саласындағы 1196 субъект тіркелген. Бұл олардың жалпы санының 95%-дан астамын құрайды.

    Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесін «E-Fish» жүйесімен ықпалдастыру нәтижесінде белгіленген аулау квоталары мен балық өсіру көлемдері асқан жағдайда ветеринариялық құжаттарды рәсімдеуге тосқауыл қойылды. Жүйені енгізудің арқасында балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы 2 мың тоннаға қысқарды.

    «Аквамәдениет туралы» Заңды іске асыру аясында 2027 жылдан бастап аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйені енгізу көзделген. Оны қолданыстағы «E-Fish» жүйесінің негізінде «Аквамәдениет» атты жеке бөлім құру арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

    Аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйені жүргізу қағидаларының жобасы әзірленіп, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Әділет министрлігімен келісілді.

    Жаңа жүйе аквамәдениеттің дамуын бақылау мен талдауды қамтамасыз етеді, сала субъектілерінің тізілімін қалыптастырып, жүргізеді, сондай-ақ қажетті деректерді жинау және өңдеу мүмкіндігімен аквамәдениет нысандарын есепке алуды, қадағалауды жүзеге асырады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.