Сенат депутаттары цифрлық теңге жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Депутаттарға Ұлттық Банкте жасанды интеллект енгізу бойынша жобалар да ұсынылды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті депутаттары Ұлттық Банкте болып, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы аясында цифрлық теңге қолданылатын жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Ұлттық Банк мемлекеттік қаржы саласында цифрлық теңге пайдаланылатын бастамаларды таныстырып, 2025 жылғы пилоттық жобаларды қорытындылады, сондай-ақ цифрлық теңгені 2026 жылы қолдануға қатысты жаңа сценарийлерді енгізіп, оларды масштабтау жоспарын ортаға салды. Кездесу аясында цифрлық теңге платформасында операциялар да көрсетілді.

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов «таңбалау» (бағдарламалану) функциясы цифрлық теңгені қаржы ағындарының ашықтығын арттыру құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар 2026 жылғы қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, Байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында ұлттық валютаның жаңа цифрлық нысаны ретінде цифрлық теңгені бекіту маңыздылығын атап өтті.

Депутаттарға Ұлттық Банкте жасанды интеллект енгізу бойынша жобалар да ұсынылды. Олар қызметкерлердің негізгі цифрлық қолдауынан (AI көмекшілері) аналитикалық, зерттеу және қадағалау процестеріне дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды. Ұлттық Банк жасанды интеллект монетарлық реттеушінің болашақ деректерді басқару моделінің инфрақұрылымдық элементі ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов Ұлттық Банк жүргізіп жатқан жұмыстың өзектілігін және қаржы ағындарының қауіпсіздігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ дербес төлем кеңістігін дамытудағы цифрлық теңгенің маңыздылығына тоқталды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Security Day 2026

    Profit Security Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.