Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартаптар сайысына өтінім қабылдау басталды
Бұл ауқымды байқау еліміздің үздік жобаларын Digital Qazaqstan форумының сахнасында тоғыстырады.
Республика бойынша барлық өңір мен республикалық маңызы бар қалалар өз стартаптарын ұсынып, 19 000 000 теңге жүлде қоры үшін бақ сынай алады. Өтінімдер 2026 жылғы 22 ақпанға дейін сілтеме бойынша қабылданады.
Digital Qazaqstan Battle — нарықта сұранысқа ие, нақты технологиялық шешімдер ұсынатын кәсіпкерлерге арналған алаң. Әр өңір мен республикалық маңызы бар қала финалға бір стартаптан ұсынады. Қатысуға MVP кезеңінен өткен, алғашқы сатылымдарын жасаған және заңды тұлға ретінде тіркелген жобалар шақырылады.
«Биыл біз алғаш рет ұлттық стартаптар сайысын өңіраралық жарыс форматында іске қосып отырмыз. Әр өңірде жартылай финал өтіп, ең мықты жоба анықталады. Ал Шымкент қаласында еліміздің үздік стартаптары финалда бас қосады. Бұл жай ғана байқау емес. Бұл өңірлік экожүйенің әлеуетін көрсетуге, елдің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлерге тең мүмкіндік беруге және жергілікті жобаларды ұлттық деңгейге шығаруға арналған алаң», — деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Өтінімдерді қабылдау аяқталған соң, жобалар байқау шарттарына сәйкес тексеріліп іріктеледі. Наурыз айында барлық өңір мен республикалық маңызы бар қалаларда аймақтық батлдар ұйымдастырылып, әр өңірден бір финалист анықталады. Ұлттық финал 2026 жылғы 27 наурызда Шымкент қаласында Digital Qazaqstan форумы аясында өтеді.
Жүлде қоры мынадай тәртіппен бөлінеді: бірінші орынға — 10 000 000 теңге, екінші орынға — 5 000 000 теңге, үшінші орынға — 3 000 000 теңге, ал көрермен көзайымы жүлдесіне — 1 000 000 теңге беріледі.
Қазылар алқасы жобаларды нарықтағы өсім қарқыны, команда сапасы, ауқымдау мүмкіндігі және инвестициялық тартымдылығы бойынша бағалайды. Байқауға қатысу тегін. Финалистер қаржылай қолдаумен қатар, форум аудиториясына танылу, инвесторлар мен технологиялық қауымдастық өкілдерінің назарына ілігу мүмкіндігіне ие болады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.