Ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасының іске қосылуы
Жоба жергілікті интернетке қолжетімділік желісі жоқ 1 123 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуды қарастырады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасының басталғанын және байланыс операторлары үшін үлестік гранттар алуға ашық конкурс басталғанын хабарлайды. Конкурс жобаны жүзеге асыру аясында өткізіледі және ауылдық жерлерде телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ ауыл тұрғындарын жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с болатын интернет желісімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба жергілікті интернетке қолжетімділік желісі жоқ 1 123 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуды қарастырады. Жобаны іске асыру 445 мыңнан астам үй шаруашылығын қосуға және шамамен 2,3 миллион адамды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоба аясында байланыс операторларына ауылдық жерлерде телекоммуникациялық желілерді салуға жұмсалған расталатын күрделі шығындардың 50%-ына дейінгі мөлшерде қайтарымсыз үлестік гранттар беріледі. Құрылыс операторлардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте салынған инфрақұрылым олардың теңгерімінде (балансында) қалады.
Қатысушыларды іріктеу тең қолжетімділік, ашықтық және есептілік принциптерін сақтай отырып, Ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.