Следите за новостями

Цифра дня

34 игровых проекта разработали на Global Game Jam Kazakhstan 2026

    Астанада ХҚКО-да цифрлық сауаттылыққа арналған тегін оқыту жүріп жатыр

    Айта кетейік, жоба әзірге пилоттық форматта жұмыс істейді: бірінші тоқсанда оқыту Астанада өтсе, екінші тоқсанда бұл тәжірибені өңірлерге кеңейту жоспарланған.

    12 февраля 2026 16:10, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Астанадағы ХҚКО тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту алаңы ретінде жұмыс істей бастады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Астанада азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн рәсімдеуді үйрететін және цифрлық қызметтерді қолдану қабілетін дамытуға бағытталған тегін офлайн оқытуды іске қосты.

    Оқыту Мемлекеттік корпорацияның «Таным» оқу орталығы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қатысуымен ұйымдастырылды және практикалық форматта өтеді. Мамандар азаматтарға «Электрондық үкімет» порталы мен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының біріңғай платформасын, «ЦОН» және «eGov Mobile» қосымшаларын қалай қолдану керегін көрсетіп, қажетті қызметтерді онлайн алу жолдарын үйретеді. Оқыту бағдарламасы азаматтар тарапынан жиі түсетін сұрақтар мен сұраныстарға сәйкес әзірленеді.

    Бұл бастама Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген цифрландыру бастамалары аясында жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, оқыту халыққа қызмет көрсетудің жаңа форматы — «Цифрлық халық кеңсесі» үлгісін енгізуге бағытталған. «Apple Store» үлгісіндегі бұл формат азаматтарға қызметтерді жылдам алуға және оларды онлайн түрде өз бетінше рәсімдеуді меңгеруге көмектеседі.

    Айта кетейік, жоба әзірге пилоттық форматта жұмыс істейді: бірінші тоқсанда оқыту Астанада өтсе, екінші тоқсанда бұл тәжірибені өңірлерге кеңейту жоспарланған.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.