Следите за новостями

Цифра дня

250 МВт составит мощность новой ветровой электростанци близ Атырау

    Елімізде 350 мыңға жуық педагог жасанды интеллект бойынша тегін курстан өтті

    ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

    12 февраля 2026 10:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Оқу үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалануға арналған тегін онлайн курсқа қатысушылар саны бүгінде 350 мыңға жуықтады. Бағдарламаға педагогтермен қатар еліміздің барлық өңірінен өзге азаматтар да қатысуда.

    Халықаралық тәжірибеге негізделіп, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктері ескеріліп әзірленген курс мұғалімдердің заманауи цифрлық құралдарды орынды қолдану дағдыларын қалыптастыруға және оқыту сапасын арттыруға бағытталған. Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану, оқу материалдары мен тест тапсырмаларын әзірлеу, иллюстрациялар жасау және сабақ жоспарын жетілдіру тәсілдерін меңгереді.

    Тегін онлайн курс «Өрлеу» MOOC платформасында барлық азаматтар үшін қолжетімді. Қатысушылар оқу материалдарын өздеріне ыңғайлы уақытта меңгеріп, курсты аяқтағаны туралы куәлік ала алады. Курсқа қатысу үшін reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркелу қажет.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.