Сот Әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті цифрлық көмекшілерді таныстырады — АлтынAi және Аiбек

Мегаполистің сот жүйесі үшін бұл жоба пилоттық болып табылады және азаматтар мен ұйымдардың сот органдарымен өзара әрекеттесуінің жаңа, ыңғайлырақ нысанын ұсынады.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Цифрландыру және жасанды интеллект жылының бастамаларын іске асыру аясында Сот Әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің баспасөз қызметінде жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген цифрлық көмекшілер енгізілді.

Негізгі мақсаттары:

— сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
— пайдаланушыларға сот рәсімдерінде тиімді бағдарлануға көмектесу.

Цифрлық көмекшілердің атқаратын қызметтері:

— Талап-арыз беру тәртібін, мемлекеттік баж салығын есептеу және қайтару тәртібін, атқару парақтарын және сот актілерінің көшірмелерін алу тәртібін түсіндіру.
— Сот сервистері бойынша бағдарлау: Алматы қаласы соттарының мекен-жайлары, байланыс телефондары және жұмыс кестесі бойынша.
— Ресми хабарлау: баспасөз-релиздерді және әлеуметтік маңызы бар істердің қаралу қорытындыларын жариялау. 

Назар аударыңыз: цифрлық көмекшілер интерактивті чат-боттар болып табылмайды және жеке диалог жүргізбейді.

 Сот Әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті цифрлық көмекшілер пайдаланушылар үшін сот ісін жүргізу әлеміндегі сенімді бағыттаушылар болады деп үміттенеді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.