Сот Әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті цифрлық көмекшілерді таныстырады — АлтынAi және Аiбек
Мегаполистің сот жүйесі үшін бұл жоба пилоттық болып табылады және азаматтар мен ұйымдардың сот органдарымен өзара әрекеттесуінің жаңа, ыңғайлырақ нысанын ұсынады.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылының бастамаларын іске асыру аясында Сот Әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің баспасөз қызметінде жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген цифрлық көмекшілер енгізілді.

Негізгі мақсаттары:
— сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
— пайдаланушыларға сот рәсімдерінде тиімді бағдарлануға көмектесу.
Цифрлық көмекшілердің атқаратын қызметтері:
— Талап-арыз беру тәртібін, мемлекеттік баж салығын есептеу және қайтару тәртібін, атқару парақтарын және сот актілерінің көшірмелерін алу тәртібін түсіндіру.
— Сот сервистері бойынша бағдарлау: Алматы қаласы соттарының мекен-жайлары, байланыс телефондары және жұмыс кестесі бойынша.
— Ресми хабарлау: баспасөз-релиздерді және әлеуметтік маңызы бар істердің қаралу қорытындыларын жариялау.
Назар аударыңыз: цифрлық көмекшілер интерактивті чат-боттар болып табылмайды және жеке диалог жүргізбейді.
Сот Әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті цифрлық көмекшілер пайдаланушылар үшін сот ісін жүргізу әлеміндегі сенімді бағыттаушылар болады деп үміттенеді.