Следите за новостями

Цифра дня

300 сельских населенных пунктов обеспечили спутниковым интернетом в 2025 г.

    ҚР денсаулық сақтау министрлігі денсаулықтың цифрлық мониторингінің мүмкіндіктерін кеңейту туралы хабарлайды

    Қазақстандықтар енді Samsung компаниясының смарт-сағаттарында орнатылған денсаулық жағдайының жекелеген көрсеткіштерін мониторингтеу функцияларын пайдалана алады.

    9 февраля 2026 16:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Бұған дейін олар республика аумағында болмаған. Бұл функциялар жүрек-қан тамырларының көрсеткіштерін инвазивті емес бақылауға, соның ішінде электрокардиограмманы тіркеуге және қан қысымын өлшеуге мүмкіндік береді.

    Аталған функцияларды қолдану денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталған жағдайда 2026 жылдан бастап мүмкін болады. Бұл ретте тағылатын құрылғылардан алынған деректер көмекші сипатқа ие және денсаулық жағдайын өзін-өзі бақылау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.

    Олар медициналық маманның консультациясынсыз диагноз қоюға, емдеуді тағайындауға немесе медициналық бақылау тәсілін өзгертуге негіз бола алмайды. Денсаулық сақтау министрлігі тағылатын цифрлық құрылғылар медициналық тексеруді алмастырмайтынын және диагностика мен емдеу мәселелері денсаулық сақтау ұйымдарының құзыретіне жататынын ескертеді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.