Следите за новостями

Цифра дня

300 сельских населенных пунктов обеспечили спутниковым интернетом в 2025 г.

    Ұлттық Банк цифрлық теңгені шығару және айналысқа енгізу тәртібін әзірледі

    Цифрлық теңге – ұлттық валютаның цифрлық нысаны және заңды төлем құралы.

    5 февраля 2026 15:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Ұлттық Банк «Цифрлық теңгелерді шығару, айналысқа енгізу және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық Банк Басқармасының қаулы жобасы әзірленгенін хабарлайды. Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру мақсатында әзірленді.

    Цифрлық теңге — ұлттық валютаның цифрлық нысаны және заңды төлем құралы. Цифрлық теңгені шығару, айналысқа енгізу және өтеу Ұлттық Банктің цифрлық теңге платформасында жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалар үшін цифрлық шоттарды ашуды және оларға қызмет көрсетуді банктер мен банктік операциялардың кейбір түрін жүзеге асыратын ұйымдар орындайды.

    Қаулы жобасы цифрлық теңгелерді шығару, айналысқа енгізу және өтеу тәртібін белгілейді, бұған цифрлық шоттарды ашу, жүргізу және жабу, цифрлық теңгелерді таңбалау және смарт-келісімшарттарды қолдану, сондай-ақ цифрлық теңге платформасына қатысушыларға қойылатын талаптар мен олардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі кіреді.

    Жобаны қабылдау ұлттық цифрлық валютаны шығару, айналысқа енгізу және өтеу үшін құқықтық шарттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді, қаржылық қызметтердің қолжетімді, қауіпсіз болуын және үздіксіз жұмысын арттырады, ақша ағындарының ашықтығын нығайтып, жаңа банкаралық цифрлық сервистерді енгізу үшін инфрақұрылым қалыптастырады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.