Бахтияр Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында «Қазпошта» АҚ-да бас маман болып бастаған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бахтияр Мұхаметқалиев 1990 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында «Қазпошта» АҚ-да бас маман болып бастаған.
2010–2020 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ-да бас маманнан АТ-инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директор және E-commerce департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарған.
2021–2022 жж. — «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарушы директоры.
2022–2023 жж. — ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2023–2025 жж. — ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2025 жылдың мамыр айынан қазіргі күнге дейін — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры.