Қазақстанда балаларды психологиялық диагностикадан өткізу және сүйемелдеу бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады

Жаңа платформа психологиялық және мінез-құлықтық тәуекелдерді жүйелі түрде анықтауға, баланың психоэмоциялық жағдайының динамикасын бақылауға.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

«Қазақстан балалары» 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде балаларды психологиялық диагностикадан өткізу және сүйемелдеуге бағытталған бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Жоба қауіп-қатерлерді ерте анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және баланы қорғау жүйесінде педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған.

Жаңа платформа психологиялық және мінез-құлықтық тәуекелдерді жүйелі түрде анықтауға, баланың психоэмоциялық жағдайының динамикасын бақылауға, сондай-ақ қолдауды қажет ететін балаларды үздіксіз әрі нысаналы сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Процестерді цифрландыру балаға көрсетілетін көмектің бірыңғай бағытын қалыптастыруға, ведомстволар арасындағы функциялардың қайталануын болдырмауға және мамандарға түсетін кәсіби жүктемені азайтуға жағдай жасайды.

 Жалпы алғанда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы педагог-психологтар институтын және балалардың психологиялық қауіпсіздігі жүйесін кешенді түрде нығайтуды көздейді.

 Атап айтқанда, келесі шараларды іске асыру жоспарланып отыр:

— білім беру ұйымдарында балалардың әлеуметтік эмоциялық дағдыларын дамытуға бағытталған педагог-психолог сағатын енгізу;
— зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттерін ашу;
— ел бойынша педагог-психологтарға арналған бірыңғай кәсіби стандарттар мен біліктілік талаптарын қайта қарау;
— дағдарыстық жағдайлармен және цифрлық тәуекелдермен жұмыс істеуді қоса алғанда, қазіргі заман талаптарын ескере отырып, мамандардың біліктілігін міндетті түрде арттыру;
— кейс менеджмент институтын дамыту, бұл ретте педагог-психолог бала мен отбасын кешенді сүйемелдеудің негізгі қатысушысына айналады;
— ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде, оның ішінде қылмыстық процесс аясында, зардап шеккен балалар мен зорлық-зомбылық куәгерлерін сүйемелдеуде психологтардың міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету.

 Аталған шараларды іске асыру жүйелі профилактикаға көшуге, педагог-психологтардың мәртебесі мен кәсіби тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ тұрғылықты өңіріне қарамастан әрбір балаға уақтылы, кәсіби және үздіксіз психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Security Day 2026

    Profit Security Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.