Мемлекеттік қызметтер 24/7: Қазақстан цифрлық мемлекет архитектурасын қалыптастыруды көздейді
Цифрлық кодекс аясында Қазақстанда ақпараттандырудан басқарудың архитектуралық моделіне көшу жоспарланып отыр.
Бұл модель туралы ОКҚалаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун кеңірек айтып берді.
Оның айтуынша, негізгі логика — мемлекетті цифрлық платформа ретінде құру. Басты мақсат — географиялық орналасуына және тәулік уақытына қарамастан әрбір азамат пен бизнеске мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз түрде қолжетімді ету.
«Электрондық үкіметтің цифрлық платформасы, цифрлық үкімет ұғымдары қалыптастырылуда, орталық мемлекеттік органдарға да, өңірлерге де қойылатын нақты талаптар айқындалады. Сонымен қатар өңірлердегі қалаларды ғана емес, олардың салалық ерекшеліктерін (аграрлық бағыт, пайдалы қазбаларды өндіру және т. б.) ескере отырып дамытуды көздейтін „Ақылды өңірлер“ атты жеке бап бар», — деп түсіндірді вице-министр.
Сондай-ақ цифрлық үкіметтің цифрлық объектілерінің жаңа өмірлік циклі енгізілуде. Бұған дейін мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелерді құру кезінде олардың көлемі мен күрделілігіне қарамастан бәріне бірдей талаптар қойылса, енді мемлекеттік жүйелерді тезірек әзірлеу қажет, алайда ақпараттық қауіпсіздік пен архитектураға қойылатын талаптар сақталуға тиіс.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Security Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.