Следите за новостями

Цифра дня

40 тысяч врачебных онлайн-консультаций получили казахстанцы в 2025 году

    Мемлекеттік қызметтер 24/7: Қазақстан цифрлық мемлекет архитектурасын қалыптастыруды көздейді

    Цифрлық кодекс аясында Қазақстанда ақпараттандырудан басқарудың архитектуралық моделіне көшу жоспарланып отыр.

    27 января 2026 10:02, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Бұл модель туралы ОКҚалаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун кеңірек айтып берді.

    Оның айтуынша, негізгі логика — мемлекетті цифрлық платформа ретінде құру. Басты мақсат — географиялық орналасуына және тәулік уақытына қарамастан әрбір азамат пен бизнеске мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз түрде қолжетімді ету.

    «Электрондық үкіметтің цифрлық платформасы, цифрлық үкімет ұғымдары қалыптастырылуда, орталық мемлекеттік органдарға да, өңірлерге де қойылатын нақты талаптар айқындалады. Сонымен қатар өңірлердегі қалаларды ғана емес, олардың салалық ерекшеліктерін (аграрлық бағыт, пайдалы қазбаларды өндіру және т. б.) ескере отырып дамытуды көздейтін „Ақылды өңірлер“ атты жеке бап бар», — деп түсіндірді вице-министр.

    Сондай-ақ цифрлық үкіметтің цифрлық объектілерінің жаңа өмірлік циклі енгізілуде. Бұған дейін мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелерді құру кезінде олардың көлемі мен күрделілігіне қарамастан бәріне бірдей талаптар қойылса, енді мемлекеттік жүйелерді тезірек әзірлеу қажет, алайда ақпараттық қауіпсіздік пен архитектураға қойылатын талаптар сақталуға тиіс.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.