Следите за новостями

Цифра дня

8 из 10 транзакций в 2025 г. совершено с использованием QR-кода, интернет и мобильного банкинга

    Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды

    Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

    16 января 2026 15:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Құқық қорғау органдары, «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметінің жолын кесті.

    Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Қаскүнемдер SIP-нөмірлерді сатып алып, пайдаланған, олар арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған.

    Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.