Робототехника бойынша Daryn FIRST Qualifier 2026 фестивалі қорытындыланды
Екі күн бойы 4-18 жас аралығындағы қатысушылар инженерия, бағдарламалау және робототехника бағыттары бойынша өз білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Daryn FIRST Qualifier 2026 роботтар фестивалі өз мәресіне жетті. Іс-шараға Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық команда мен 1500-ден астам оқушы қатысты. Фестиваль FIRST халықаралық бағдарламасының төрт санаты бойынша ұйымдастырылды: FIRST LEGO League Discover, FIRST LEGO League Explore, FIRST LEGO League Challenge және FIRST Tech Challenge.
2025-2026 оқу маусымының тақырыбы — археология. Маусым аясында қатысушылар адамзат тарихын зерделеу, мәдени мұраны сақтау және өткеннің құпияларын заманауи технологиялар арқылы зерттеуге бағытталған жобалар әзірледі. Командалар археологиялық зерттеулерге қатысты өзекті мәселелерді талдап, роботтар көмегімен инженерлік тапсырмаларды орындады, сондай-ақ тарихи деректерді цифрландыру мен сақтау бойынша инновациялық шешімдер ұсынды.
Фестиваль қорытындысы бойынша 29 үздік команда халықаралық деңгейдегі келесі кезеңдерге — Kazakhstan Central Asia FIRST Championship 2026 жарысына жолдама алды. Аталған чемпионат 2026 жылғы ақпан айында Астана қаласында өтеді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.