Қазақстанда құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді

Жоспарда құрылыс саласындағы үдерістерді жеңілдету және жеделдетуге бағытталған кешенді практикалық шаралар көзделген.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Цифрландыру және ЖИ жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті.

Құжат құрылыс саласын цифрлық трансформациялаудың негізгі міндеттерін айқындайды және жоспарлау, жобалау кезеңдерінен бастап, пайдалануға беру, ғимараттарды одан әрі пайдалану үдерістеріне дейінгі құрылыс нысандарының бүкіл өмірлік циклін қамтиды.

Жоспарда құрылыс саласындағы үдерістерді жеңілдету және жеделдетуге бағытталған кешенді практикалық шаралар көзделген. Басым бағыттардың қатарында міндетті BIM-жобалауды енгізу, құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, нысандардың цифрлық паспорттарын қалыптастыру, сондай-ақ құрылыс нормалары мен стандарттарын машинамен оқылатын форматқа көшіру бар. Бұл шаралар қолмен орындалатын операциялар санын қысқартуға, қателіктер тәуекелін азайтуға және құрылыс жобаларын жүзеге асырудың болжамдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жоспарды жүзеге асыру саланың ашықтығын және басқарылуын қамтамасыз етуге, құрылыс мерзімдері мен шығындарын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, сондай-ақ құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Бүгін Мемлекет басшысы құрылыс және цифрлық кодекстерге қол қойды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Security Day 2026

    Profit Security Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.