ҚҰБ басқармасы 2025-2027 жылдарға арналған жаңартылған макроэкономикалық болжамды қарады
Ұлттық Банк басқармасының кезекті отырысы өткенін хабарлайды.
Басқосуда ҚҰБ 2025-2027 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжам туралы есеп тыңдалды, БЖЗҚ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару, сондай-ақ финтех жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.
Цифрлық активтерді дамыту жобалары мен реттеуші құмсалғыш жұмысының аясында келіп түскен өтінімдерді ескере отырып, үш бағыт бойынша үш пилоттық жоба мақұлданды: цифрлық активтер арқылы QR төлемдерін ұйымдастыру, Ұлттық банктің тазартылған алтынын токендеу, цифрлық активтермен транзакцияларға қызмет көрсету үшін теңгедегі стейблкоинді шығару және айналымға енгізу жөніндегі жобалар.
Басқарма отырысында сондай-ақ 2026 жылы ҚҰБ коллекциялық монеталардың дизайнын бекіту және айналымға шығару бойынша негізгі параметрлерін мақұлдады.
Артық заңнамалық реттеуді қысқарту және бюрократиялық рәсімдерді оңтайландыру мақсатында Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілік мәселелері бойынша актілерді біріктіру жүзеге асырылды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.