Следите за новостями

Цифра дня

3,5 млн дистанционных медицинских услуг оказано за 11 месяцев 2025 г.

    ҚҰБ басқармасы 2025-2027 жылдарға арналған жаңартылған макроэкономикалық болжамды қарады

    Ұлттық Банк басқармасының кезекті отырысы өткенін хабарлайды.

    29 декабря 2025 13:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Басқосуда ҚҰБ 2025-2027 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжам туралы есеп тыңдалды, БЖЗҚ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару, сондай-ақ финтех жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.

    Цифрлық активтерді дамыту жобалары мен реттеуші құмсалғыш жұмысының аясында келіп түскен өтінімдерді ескере отырып, үш бағыт бойынша үш пилоттық жоба мақұлданды: цифрлық активтер арқылы QR төлемдерін ұйымдастыру, Ұлттық банктің тазартылған алтынын токендеу, цифрлық активтермен транзакцияларға қызмет көрсету үшін теңгедегі стейблкоинді шығару және айналымға енгізу жөніндегі жобалар.

    Басқарма отырысында сондай-ақ 2026 жылы ҚҰБ коллекциялық монеталардың дизайнын бекіту және айналымға шығару бойынша негізгі параметрлерін мақұлдады.

    Артық заңнамалық реттеуді қысқарту және бюрократиялық рәсімдерді оңтайландыру мақсатында Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілік мәселелері бойынша актілерді біріктіру жүзеге асырылды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.