eLicense порталындағы SMS-хабарламалар қазақстандықтарға рұқсат құжаттары мен лицензияларды уақытында ұзартуға көмектеседі

Бұл пайдаланушыларға алдын ала дайындалып, өз қызметінде кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталатыны туралы хабарлау функциясы енгізілді. Енді жүйе құжат мерзімі бітуге 30 күн қалғанда автоматты түрде SMS-хабарламалар жібереді.

Бұрын пайдаланушылар рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімін өздері бақылауы тиіс болатын. Жаңа хабарландыру қызметі мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану тиімділігін арттырып, пайдаланушыға құжаттарды уақытында ұзарту үшін алдын ала әрекет жасауға мүмкіндік береді.

SMS-хабарламаларды автоматты түрде жіберу функциясы тек мерзімі белгіленген рұқсат құжаттары мен лицензияларға қатысты қызметтер үшін іске асырылған. Хабарламалар электрондық үкіметтің SMS-шлюзі арқылы 1414 қысқа нөмірінен жіберіледі.

Хабарлама мысалы: «Құрметті пайдаланушы, Сіздің рұқсатыңыздың (рұқсат немесе лицензияның бірегей нөмірі) қолданылу мерзімі 30 күннен кейін аяқталады. Толық ақпарат алу үшін жеке кабинетке кіріңіз».

Хабарлама пайдаланушының өтініш берген кезде көрсеткен телефон нөміріне жіберіледі. Сонымен қатар, нөмірдің дұрыстығы алдын ала Мобильді азаматтар базасымен (МАБ) сәйкестендіру сервисі арқылы тексеріледі. Осылайша, пайдаланушылар eLicense.kz порталында рұқсат құжаттары мен лицензияларын уақытында жаңарта алады.

SMS-хабарламалармен қатар, порталдағы кейбір мемлекеттік қызметтерде рұқсат құжаттарын проактивті түрде қайта рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл процесс автоматты түрде жүзеге асады, мемлекеттік органдардың қатысуын немесе қосымша әрекеттерді қажет етпейді. Проактивті қайта рәсімдеу лицензия иесінің негізгі деректерін, мысалы, аты-жөні немесе ұйым атауы өзгерген жағдайда қолданылады. Мұндай қызметтерге мыналар жатады:

— Пестицидтердің мемлекеттік тіркеуі
— Шығу тегінің, элиталық тұқымдардың, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарының, сондай-ақ тұқым сатушылардың аттестациясы
— II категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру
— I категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру
— Бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенімді бағдарламалар мен өнімдер тізіліміне қосу немесе шығару

Жаңа функционал Қазақстан Республикасы Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.