Қостанай облысындағы кәсіпорындар өндірісте цифрлық технологиялар мен роботтарды белсенді қолданады
Қостанай облысында биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында оң серпін бар, 8,3% өсімге қол жеткізілді.
Жыл басынан бері өңірде 24,1 мың жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының 23%-ға төмендеді. Облыс машина жасау өндірісінің көлемі бойынша елде көш бастап тұр, ол республика өндірісінің 25%-дан астамын құрайды. Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Оның айтуынша, өңір кәсіпорындары өндіріске инновацияларды, цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізуде және өнеркәсіптік роботтарды пайдаланады.
«Қостанай облысы — еліміздің машина жасау орталығы. Машина жасауда көшбасшылық позицияны ұстап тұруға бізге ағымдағы жылы ашылған жаңа KIA зауыты мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі, стратегиялық жобалардың бірі, ол рекордтық қысқа мерзімде, 1,5 жылда салынды. Оған қоса, кәсіпорында 1 500 адам жұмыс істейтін болады», — деді өңір басшысы.
Жақын арада Лисаков қаласында темір рудасының «қалдықтарын» қайта өңдеу жобасын іске асыру басталды.
Көліктік логистиканы дамыту үшін облыс орталығында «Тобыл» халықаралық көліктік-логистикалық кешенінің құрылысы жүргізілуде. Порттың жоспарланған қуаты жылына 400 мың контейнерді құрайды. Инвестиция көлемі — 63,8 млрд теңге, 500 жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде жүк тасымалы көлемі 20%-ға артады.
Ағымдағы жылы негізгі капиталға 781 млрд теңге инвестиция тартылады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артық. Ал, тікелей шетелдік инвестициялардың сомасы соңғы 3 жылда шамамен 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.