ЕҰУ мен Hitachi High-Tech Europe GmbH бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді
Еуразия ұлттық университеті мен Hitachi High-Tech Europe GmbH компаниясы ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат аясында университеттің оқытушылары мен ғалымдары жапондық конгломераттың сарапшыларымен бірлесе отырып, Жапония мен Германияда орналасқан зертханаларда құрылыс материалдарын талдау бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін болады.
Меморандумға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен Hitachi High-Tech Europe GmbH компаниясының президенті Кадзуёши Мацукадзе қол қойды. Қол қою рәсімі 2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Central Asia + Japan» бизнес-форумы барысында өтті.
Айта кету керек, бұл салтанатты шара ҚР Президентінің Жапонияға жасаған мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылды.
«ҚР Президентінің Жапонияға жасаған мемлекеттік сапары шеңберінде қол қойылған бұл келісім еліміз бен Жапония арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен стратегиялық әріптестікті айқындайды. ЕҰУ үшін бұл — жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялану және қолданбалы зерттеулерді дамыту жолындағы маңызды қадам. Біз бұл ынтымақтастықты ғалымдарымыздың әлемдегі үздік зертханалар мен заманауи технологиялармен жұмыс істеуіне берілген мүмкіндік ретінде қарастырамыз. Hitachi High-Tech Europe GmbH компаниясымен бірлескен зерттеулер университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық ғылыми диалогтың дамуына өз үлесін қосады», — деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.
Сонымен қатар Hitachi High-Tech Europe GmbH — Hitachi Ltd. жаһандық тобына кіретін Hitachi High-Tech Corporation жапон корпорациясының еуропалық еншілес кәсіпорны. Компания компьютерлер мен перифериялық құрылғылардан бастап ғылыми аспаптар мен жүйелерге, электронды құрылғыларға, сондай-ақ өнеркәсіптік жабдықтар мен материалдарға дейінгі кең ауқымды өнімдерді өндіру және өңдеумен айналысады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.