Следите за новостями

Цифра дня

3,5 млн дистанционных медицинских услуг оказано за 11 месяцев 2025 г.

    Павлодар облысында «Қауіпсіз қала» жобасында ЖИ алгоритмдері қолданылады

    Аталған жоба жол және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, көшедегі қылмыс деңгейін төмендетуге және жол-көлік оқиғаларының санын қысқартуға бағытталған.

    22 декабря 2025 10:06, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Қауіпсіз қала» жобасы туралы айтып, оны іске асыруға бюджеттен 9 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Аталған жоба жол және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, көшедегі қылмыс деңгейін төмендетуге және жол-көлік оқиғаларының санын қысқартуға бағытталған.

    «Біз бұл қаржыға бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алып жатырмыз деген ақпарат тарады. Алайда біз сервистік модельді таңдадық. Яғни, конкурс жеңімпазы болған компаниядан 3 жыл бойы бейнебақылау қызметі мен сүйемелдеу аламыз. Біз жабдықты сатып алмаймыз. Үш жылдан кейін бұл жабдық бізге өтеусіз негізде беріледі. Бұл модель облысты қажетті бейнебақылау камераларымен қамту үшін әзірленді. Павлодар облысы елдегі тас жолдар мен қиылыстарда бейнебақылау камералары орнатылмаған өңірлердің бірі болды. Бағдарлама іске асырылды, қазір тестілік режимде бейнебақылау жүргізіліп жатыр. Жиі ереже бұзатын көліктерді, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект алгоритмдерінің бір бөлігі қолданылады», — деп түсіндірді әкім.

    Өңір басшысының айтуынша, жоба 4–5 жыл ішінде өзін-өзі ақтайды, ал жүйе кемінде 10 жыл қызмет етуге тиіс.

    «Біздің басты мақсатымыз — жол қозғалысын реттеу, себебі жол-көлік оқиғаларының саны көп тіркелуде. Бұл сандардың артында адамдардың тағдыры тұр», — деді Асайын Байханов.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.