Следите за новостями

Цифра дня

3,5 млн дистанционных медицинских услуг оказано за 11 месяцев 2025 г.

    22 мемлекеттік қызмет онлайн-форматқа ауыстырылды

    Ол бүгінде цифрлық трансформация – таңдау емес, еңбек өнімділігін арттыратын және процестердің ашықтығын қамтамасыз ететін салалардың тұрақты дамуы үшін қажет шарт екенін атап өтті.

    22 декабря 2025 09:04, Profit.kz
    Рубрики:

    Үкіметтің жыл қорытындыларына арналған есепті баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова жер қойнауын пайдалану, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында цифрлық шешімдерді енгізу барысы туралы баяндады.

    Геология саласында Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасы толықтай іске қосылды. Онда 22 мемлекеттік қызмет цифрландырылған, интерактивті карта, электронды аукциондар және жазылу бонусын төлеуге арналған «электронды әмиян» қызметі енгізілген.

    «2026 жылы біз геологиялық есептерді өңдеу үшін жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл Big Data бірыңғай базасын құруға, болжамдардың дәлдігін арттыруға және геологиялық ақпаратты инвесторлар үшін барынша қолжетімді етуге мүмкіндік береді», — атап өтті вице-министр.

    Сонымен қатар нақты салынып жатқан құрылыс нысандарын бекітілген бас жоспарлармен салыстыра отырып тексеру үшін дрондар мен ЖИ алгоритмдерін қолданатын цифрлық экожүйе енгізілуде. Негізгі құрал мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі боп қала бермек. Жүйе нақты уақыт режимінде заңбұзушылықтарды анықтауға және деректерді Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (МСҚИ) жіберуге мүмкіндік береді.

    «Осы жылдың соңында сәулеттік-жобалау тапсырмаларын беруден бастап техникалық шарттарды беруге дейінгі барлық негізгі қызметтер цифрландырылады. 2026 жылдың басында цифрлық бас жоспарларды жүзеге асыруды автоматты түрде бақылау үшін ЖИ-Co-pilot жүйесін пилоттық режимде енгізу жоспарлануда», — деді вице-министр.

    Ал «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа электрондық сатып алу платформасы арқылы коммуналдық кәсіпорындардан жалпы сомасы 500 млрд теңге болатын 174 өтінім қабылданды. Платформаны іске қосу сатып алу рәсімдерінің цифрлық форматқа толық көшуін қамтамасыз етті, бұл табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қараудың ашықтығына кепілдік береді.

    «Бұл платформа қажеттіліктер пулын алдын ала қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде 2026 жылға арналған сатып алулар анықталды, сондай-ақ желілерді қайта жаңғыртуға қатысуға дайын 680 мердігер мен 172 отандық тауар өндірушінің тізімі жасақталды», — деп атап өтті ведомство өкілі.

    Сондай-ақ 2026 жылы «Smart Turmys» бірыңғай коммуналдық қызмет платформасы іске қосылады. Ол су, жылу, электр, газбен жабдықтау және қалдықтарды шығару қызметтерін «бір терезеде» біріктіреді. Жоба тұрғындардың коммуналдық қызметтермен өзара әрекеттесуін жеңілдетуге және түрлі инстанцияларға жүгінушілер қатарын азайтуға арналған.

    «Біз цифрландыру көзалдау үшін емес, нақты болуы үшін процестерді толық реинжиниринг жасадық. Жүйені іске қосу 2026 жылға жоспарланған, бұл есептеулердің ашықтығын және тұтынушылар үшін ыңғайлылықты қамтамасыз етеді», — деді Жәннат Дүбірова.

    Бұдан бөлек, 2026 жылдың басында Қазақстанда жоспарлау мен жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі құрылыс объектілерін сүйемелдейтін бірыңғай портал іске қосылады. Жаңа платформа қолданыстағы жүйелерді біріктіреді және eGov бірыңғай авторизациясы арқылы әзірлеушілер үшін «бір терезе» қағидатын қамтамасыз етеді.

    «Басты мақсат — рәсімдердің қайталануын болдырмау және мерзімдерді қысқарту. Алдағы уақытта жобаларды сараптауды автоматтандыру үшін жасанды интеллект элементтерін пайдалану жоспарлануда», — деп атап өтті вице-министр.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.