Еліміздің бес облысында суару суын жеткізуге арналған келісімшарттарды цифрлық жүйе арқылы рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Платформада негізгі процестер цифрландырылды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ суару суын каналдар арқылы беру үдерісін жеңілдету және автоматтандыру мақсатында биллинг жүйесін пилоттық режимде енгізіп жатыр. Платформада негізгі процестер цифрландырылды. Атап айтқанда, су тұтынушылар мен «Қазсушар» РМК арасындағы су беру қызметтері бойынша өтініш беру, келісімшарт жасасу және есеп айырысу.

Өтінім беруден бастап төлем жасауға дейінгі барлық кезең электронды форматта жүргізіледі. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, мобильді банк қосымшалары арқылы өтініш беру және қызмет ақысын төлеу мүмкіндіктері пысықталып жатыр.

«Жұмыс тобы Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, соның ішінде шалғай аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биллинг жүйесін енгізу шаруалар үшін шарт жасасу үдерісін айтарлықтай жеңілдетіп қана қоймай, „Қазсушар“ РМК-ға каналдарға түсетін жүктемені тиімді бақылауға және су ресурстарын бөлуді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жүйе судың „қара нарығымен“ күресуге ықпал етеді. Платформа нақты уақыт режимінде су тұтынушылардың қолданыстағы шарттарының бар-жоғын көруге және суару суын заңсыз алу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді», — деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Мейіргүл Қуандықова.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.