Жаслан Мәдиев Токиодағы Mitsubishi корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді

Тараптар диалогты жалғастыруға және алдағы байланыстар аясында ынтымақтастықтың нақты бағыттарын бірлесіп пысықтауға дайын екендерін білдірді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Мемлекет басшысының ресми сапары, сондай-ақ «Орталық Азия + Жапония» диалогы саммиті аясында Токиодағы Mitsubishi Corporation компаниясының штаб-пәтерінде компания өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Mitsubishi Corporation тарапынан:

— Mitsubishi Corporation компаниясының Түркия, Орталық Азия және Кавказ өңірлері бойынша өңірлік өкілі — Ясунори Сакамото;
— Mitsubishi Corporation компаниясының Стамбулдағы бас филиалының жаңа бизнес бағыттарын дамыту бөлімінің бас менеджерінің орынбасары — Кенто Оно;
— Mitsubishi Corporation компаниясының Алматы қаласындағы офисінің бас менеджері — Такамаса Яно қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Mitsubishi Corporation арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуындағы стратегиялық басымдықтарды ескере отырып, серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Экономиканың цифрлық трансформациясы, жасанды интеллектіні дамыту, заманауи цифрлық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, сондай-ақ негізгі салаларда AI-driven бизнес шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар:

— жасанды интеллект экожүйесін және бағдарламалық шешімдерді дамыту;
— цифрлық инфрақұрылым мен телекоммуникациялар, оның ішінде 5G технологиялары;
— ақылды және орнықты қалалар;
— цифрлық энергетикалық шешімдер мен декарбонизация;
— Қазақстан аумағында деректер орталықтарын және есептеу инфрақұрылымын құру және дамыту салалары бойынша ынтымақтастық әлеуетін қарастырды.

Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру, технологияларды локализациялау және Қазақстанның цифрлық әрі индустриялық инфрақұрылымына инвестиция тарту мүмкіндіктері жеке талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары Қазақстанның кешенді технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар жаһандық компания ретінде Mitsubishi Corporation-мен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Mitsubishi Corporation өкілдері өңірдегі цифрлық трансформация, жасанды интеллект және инновациялық даму мәселелері талқыланатын негізгі халықаралық алаң — Digital Bridge халықаралық цифрлық форумына қатысуға шақырылды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.