Yessenov University-де AI-SANA жобасы аясында жаңа буын бағдарламалау мектебі ашылды

Бүгінде бұл бастама университеттің жасанды интеллект технологияларын дамытуға, озық білім енгізуге және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған флагмандық платформасына айналды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

AI-SANA — Yessenov University-де жүзеге асырылып жатқан жасанды интеллект саласындағы стратегиялық маңызы бар білім беру және инновациялық жоба. AI-SANA жобасы шеңберінде Yessenov University базасында Францияда 01Edu платформасына сүйенген, École 42 моделіндегі жаңа буын бағдарламалау мектебі ашылды. Бұл мектеп дәстүрлі оқытушысыз, студенттердің өзара бірін-бірі оқытуына (peer-to-peer learning) негізделген инновациялық педагогикалық тәсілмен жұмыс істейді. Екі жылға арналған қарқынды оқу бағдарламасы аясында студенттер 17 бағдарламалау тілін меңгеріп, 800-ден астам практикалық жобаны жүзеге асырады және жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, блокчейн, ойын жасау секілді алты негізгі бағыттың бірінде терең маманданады.

Көпсатылы әрі жоғары бәсекелі іріктеу нәтижесінде 280 үміткердің ішінен 90 студент таңдалып алынды. Олар қыркүйек айынан бастап аталған бағдарламалау мектебінде білім алуға кірісті.

Білім беру мүмкіндіктерінің кеңеюіне және технологиялық инфрақұрылымның дамуына байланысты университетте «Жасанды интеллект және компьютерлік ғылымдар» факультеті құрылды. Факультет ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандыру және басқару бағыттары бойынша академиялық бағдарламаларды іске асырады.

Бағдарламаны толық аяқтаған әрбір студент жетекші әлемдік IT компанияларының халықаралық дерекқорына автоматты түрде енгізіледі. Бұл түлектерге жаһандық технологиялар нарығында табысты еңбек етуге кең мүмкіндік береді.

Yessenov University жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы ұлттық экожүйені дамытуға үлес қоса отырып, Қазақстанда және өңірде жоғары білікті мамандарды даярлауды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.