ҚазҰу мен Қытай университетінің бірлескен наноспутнигі орбитаға шығарылды

2024 жылы ҚазҰУ мен СБПУ микроспутниктерді зерттеу бағытында бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізу туралы келісімге қол қойды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (СБПУ) бірлесіп әзірлеген «Қазақстан — Қытай» наноспутнигі 13 желтоқсанда Бейжің уақыты бойынша сағат 09:08–де 530 шақырым биіктікте орбитаға сәтті шығарылды.

Ғарыштық зерттеулерге арналған бұл құрылғы Ziwei Aerospace компаниясының «Диэр-5» (Яо-8 миссиясы) ғарыш аппараты арқылы «Куайчжоу-11» зымыран тасығышымен орбитаға жеткізілді.

Айта кетейік, 2024 жылы ҚазҰУ мен СБПУ микроспутниктерді зерттеу бағытында бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізу туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапары кезінде келісілген болатын.

Наноспутник бірнеше негізгі міндеттерді жүзеге асырады, атап айтқанда, мақсаттарды жоғары тұрақтылықпен маневрлі бақылау, икемді сенсорларға негізделген платформа бағдарын динамикалық қабылдау және компенсациялау, сонымен қатар OpenHarmony ашық бастапқы коды бар операциялық жүйеге негізделген қашықтықтан зондтау кескіндерін автономды тану.

Әзірлеменің негізгі төрт артықшылығы бар:

— коммерциялық компоненттер мен инновациялық дизайн арқылы жоғары экономикалық тиімділік;
— жоғары тұрақтылық пен дәл бағыттау;
— ориентация қателерін бейімделген түрде компенсациялауға арналған жоғары есептеу қуаты;
— деректерді Жерге жылдам алып-жеткізу үшін жоғары оперативтік әрекеттестік.

Жоба ҚазҰУ базасындағы СБПУ филиалы, «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясындағы ұлттық бірлескен зерттеу лабораториясы, Әуе-ғарыш институты және Икемді электроника ұлттық негізгі зертханасының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жобаның консультанты — академик Хуан Вэй, жалпы жетекшісі — профессор Юэ Сяокуй, жетекшінің орынбасары — ҚазҰУ профессоры Зәуре Рақышева. Бірлескен зерттеу тобына Қазақстан мен Қытайдан 20-дан астам маман және жас зерттеуші қатысты.

Бұл бірлескен жұмыс ғарышты зерттеу, білікті мамандар даярлау және ортақ спутниктерді жасау, сондай-ақ микроспутник арқылы Жерді қашықтықтан зерттеу мүмкіндігін береді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.