1 миллионнан астам қазақстандық цифрлық сауаттылығын арттырды
Citizensec.kz және Nomadguard.kz порталдары азаматтарға интернеттегі қауіптерді жақсы түсінуге, өз деректерін қорғауды үйренуге және алаяқтардың құрбаны болмауға көмектеседі.
Ақпараттық қауіпсіздік комитеті киберқауіпсіздік саласындағы компаниялармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп Citizensec.kz және Nomadguard.kz тегін онлайн-порталдарын іске қосты. Аталған платформалар халықтың киберсауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылға, сондай-ақ ата-аналар мен балаларды интернетті қауіпсіз пайдалануға үйретуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
2024 жылдан бері порталдарға 1 миллионнан астам пайдаланушы кіріп, 71 мыңнан астам адам оқыту курстарын толық аяқтаған.
Сонымен қатар Citizensec.kz платформасында мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту жүргізіледі. Бүгінгі күні курстарды 5 мың тыңдаушы сәтті тәмамдады.
Nomadguard.kz порталы азаматтарға жеке деректердің таралуын анықтауға, сондай-ақ күмәнді сілтемелер мен сайттарды фишинг және басқа да киберқауіптерге тексеруге мүмкіндік береді. Портал арқылы пайдаланушылар өз жеке мәліметтерінің таралуы болған-болмағанын, қандай ресурстардан тарағанын және қандай көлемде деректердің бұзылғанын біле алады. Портал іске қосылған сәттен бастап Nomadguard.kz платформасында 608 мың азамат тіркеліп, 6 мыңнан астам сілтеме қауіпсіздікке тексерілді.
Citizensec.kz және Nomadguard.kz порталдары азаматтарға интернеттегі қауіптерді жақсы түсінуге, өз деректерін қорғауды үйренуге және алаяқтардың құрбаны болмауға көмектеседі. Бұл — әрбір пайдаланушының және елдің қауіпсіздігіне қосылған маңызды үлес.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және кибергигиена мәдениетін қалыптастыру мақсатында қазіргі уақытта киберқауіпсіздік ережелерін сақтауға үндейтін ақпараттық материалдар мен визуалды баннерлерді сыртқы цифрлық экрандар мен билбордтарда орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда.
Көпшілік жиналатын орындарда кибергигиенаға арналған әлеуметтік жарнаманы орналастыру азаматтарды кеңінен ақпараттандыруға және жеке деректерді қорғау бойынша алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жақында eGov Mobile мобильді қосымшасында Citizensec.kz порталының кибергигиена бойынша курстары, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздікке арналған негізгі материалдар мен практикалық ұсынымдар жинақталған тақырыптық журнал қолжетімді болды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.