Следите за новостями

Цифра дня

600 тонн оптоволокна уложат по дну Каспия для транскаспийской ВОЛС

    Қар барысына кезекті GPS құрылғысы орнатылды

    «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінде тағы бір қар барысына GPS құрылғысы сәтті орнатылды.

    17 декабря 2025 09:06, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Алдағы уақытта қосымша 2 қар барысына навигациялық құрылғы орнату жоспарланып отыр. Спутниктік қондырғылар — бұл жануарлардың қозғалысы туралы мәліметті мамандарға жіберіп, олардың көші-қонын зерттеуге, қауіп-қатерлерді анықтауға және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін арнайы мойындықтар. Бұл мойындықтар толықтай экологиялық әрі қауіпсіз.

    Бұл бірегей іс-шара ұлттық парктің қызметкерлері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті және Зоология институтының жетекші мамандарының тығыз ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асырылуда. Мамандардың деректері бойыншабиыл белгіленген бұл қар барысы — зерттеу басталғалы тіркелгендердің ішіндегі ең ірісі.

    Қазақстандағы қар барысын қорғау және зерттеу жұмыстары жалғасуда.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.