Қар барысына кезекті GPS құрылғысы орнатылды
«Алтынемел» ұлттық табиғи паркінде тағы бір қар барысына GPS құрылғысы сәтті орнатылды.
Алдағы уақытта қосымша 2 қар барысына навигациялық құрылғы орнату жоспарланып отыр. Спутниктік қондырғылар — бұл жануарлардың қозғалысы туралы мәліметті мамандарға жіберіп, олардың көші-қонын зерттеуге, қауіп-қатерлерді анықтауға және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін арнайы мойындықтар. Бұл мойындықтар толықтай экологиялық әрі қауіпсіз.

Бұл бірегей іс-шара ұлттық парктің қызметкерлері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті және Зоология институтының жетекші мамандарының тығыз ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асырылуда. Мамандардың деректері бойыншабиыл белгіленген бұл қар барысы — зерттеу басталғалы тіркелгендердің ішіндегі ең ірісі.
Қазақстандағы қар барысын қорғау және зерттеу жұмыстары жалғасуда.