Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуді жалғастыруда

Құрылыс саласын цифрландыру — Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

12 желтоқсанда Астанада премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев BI Group холдингі және 2D/3D дизайн саласындағы әлемдік көшбасшы Autodesk компаниясы өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Вице-министрлер, Президент әкімшілігінің өкілдері және сарапшылар BIM (ғимараттарды ақпараттық модельдеу) жүйесін одан әрі кеңейту және құрылыс саласын кешенді цифрландыруды дамыту мәселелерін талқылады.

BI Group құрылыс циклінің барлық кезеңдеріне арналған цифрлық шешімдерін ұсынды, ал Autodesk компаниясының Орталық Азия бойынша атқарушы директоры Александр Семижон BIM енгізудегі халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

«Құрылыс саласын цифрландыру — Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Біз BIM енгізудің қалыпты жағдайға айналуы және саланың тиімдірек, ашық және технологиялық тұрғыдан дамыған болуы үшін қолайлы жағдай жасап келеміз», — атап өтті Ерсайын Нағаспаев

Талқылаудан кейін тараптар нормативтік базаны одан әрі жетілдіру және ел бойынша жобаларда BIM технологияларын қолдануды кеңейту қажеттілігін атап өтті.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.