Федералды қаржылық мониторинг агенттігі онлайн казиноларды төлем институттары арқылы қаржыландыру схемасын анықтады
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін тоқтату бойынша белсенді жұмысты жалғастырып келеді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасы әшкерленді. Онда ақша төлем ұйымдары арқылы өткізіліп, заңды операциялар ретінде жасырынып, онлайн-казиноның пайдасына шығарылған. Қазақстан аумағында онлайн-казино қызметіне толық тыйым салынғанын еске саламыз. Мұндай платформалар салық төлемейді, клиенттерді сәйкестендірмейді, балалар мен жастарды белсенді түрде тартады, сондай-ақ халықтың моральдық және психикалық денсаулығына елеулі зиян келтіреді.
Схеманы жүзеге асыру үшін финтех-сервистердің иелері букмекерлік кеңселермен жасалған жалған шарттар негізінде алынған «сұр» POS-терминалдар мен Terminal ID қолданған. Қазіргі уақытта заңсыз операциялардың анықталған көлемі 600 млрд теңгеден асады. Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған.
Сонымен қатар төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген Call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Оның заңсыз жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнам азаматтарынан құралған 120 адам тартылған. Бұдан бөлек, Call-орталық ұйымдастырушылары криптовалюта арқылы қаражат қабылдап, шығаруды жүзеге асырған гемблинг негізіндегі серіктестік бағдарламасын құрған. Оның айналымы 200 млн USDT-тен асып түсті.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында 70-тен астам тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сот санкциясымен, олардың ішінде «Төлем ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басшысының кеңесшісі бар тоғыз тұлғаға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта олардың ішінде шетел азаматтары бар сегіз адамды халықаралық іздеуге жариялау үшін материалдар дайындалуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Агенттік жеке және заңды тұлғаларды заңсыз құмар ойындарды ілгерілетуге қатысуға жол берілмейтіні жөнінде тағы да қатаң ескертеді. Онлайн-казино қызметі заңды бұзып қана қоймай, лудоманияның таралуына себеп болады. Осыған байланысты заңсыз құмар ойындарға көмек көрсетуге бағытталған кез келген әрекет қылмыстық қызметті ұйымдастыруға жәрдемдесу ретінде бағаланып, сөзсіз қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.